Сіз өз ой-пікіріңіз бойынша әрекеттеріңізді сәтті немесе сәтсіз деп бағалайсыз ба? Менің ойымша, біздің өміріміздегі сәтсіздіктердің көпшілігі біздің өзімізге деген, дүниеге деген, басқа адамдарға деген, Жаратушыға деген көзқарастарымыз бен ой-пікіріміздің салдары. Адам, сәттілікке, табысқа жете алмайды, егер адам оған сенбесе және сенімді болмаса. Себебі, батылдық пен сенімге ие адамдар үшін, жол әрқашан ашық болып көрінеді. Бұл дегеніміз жеңіске, табысқа, сәттілікке деген дұрыс көзқарас пен ой-пікір, оның рухани күш-қуатын, ішкі үстемдік пен артықшылық сезімін арттырып, осы өмірде ғажайыптар мен кереметтер жасауына ықпал етеді. Егер сізде дұрыс көзқарас пен ой-пікір жоқ болса, онда неге оны дәл бүгіннен бастап қалыптастыруға кіріспеске?
Күрделі жүйемен қалыптасқан, біздің үнемі өзгеріп отыратын өмірде, айналамызда әрекет ететін әр түрлі сыртқы факторлар бар және біз кейде өмірімізді, жағдайымызды осы сыртқы факторлар басқарады деп айқайлағымыз келеді. Алайда ақиқатында, біз сол өмір мен жағдайды өзіміз ұнатып таңдаған едік, салдарынан біз таңдаған нәрсені ғана жасаймыз, себебі өмірдің бәрі таңдау, сәттілік пен сәтсіздікте. Егер біз белгілі бір жолды таңдағымыз келмесе де, ақыр соңында біз оны таңдаймыз, өйткені бұл бізге ең аз ішкі қарсылық көрсететін жол сияқты көрінеді. Біз оңай және жеңіл жолмен жүргіміз келеді, бірақ болашақта бұл бізге қолайсыздық пен қиындық тудыруы мүмкін екенін білсек те. Бізге әрдайым шешім қабылдау керек болады: іскерлік мәселелерде, отбасылық қатынастарда, күнделікті тұрмыс-тіршілік әрекетімен. Бізде әрқашан таңдау қажеттілігі бар, сондықтан да дұрыс таңдау жасай білу өте маңызды.
Бұл өте маңызды: кез-келген кедергіні жеңуге мүмкіндік беретін күш біздің ішімізде екенін түсінген кезде, біз көмекке шақыруды тоқтатамыз. Ішкі «Мен» – мен тыныш сөйлесе бастағанда (ішкі диалог), біз сол ақыл-ой күшінің (ментальды күш) ішкі ресурстарына (мидың азығы ақпарат) бейімделеміз. Бұл күштің құпиясы – мінез-құлқымызды түсіну, біздің ойлау ресурстарымызды (оның қаншалықты құлдық санамен шектелгенін сезіну, шекарасын кеңейту) көбейту. Біз кез-келген нәрсені жасауға, өзіміз қалаған нәрсеге қол жеткізуге, мүмкіндік беретін күш, біздің ішімізде екенін түсіне бастаған кезде ғана, өмірлік сәттілік бізге келеді, бұл біздің өміріміздегі басты жетістігіміз!
Менің ойымша, ұлы адамдар, тарихта қалған адамдар, өздерінің ішінде үлкен күш бар екеніне сенді және сол күш арқылы барлық кедергілер мен қиындықтарды жеңе білді. Бұл күш кез-келген жағдайдан да, ішкі немесе сыртқы факторладан да мықты. Одан асып түсетін күш жоқ және олар оны қолдана білді және дүниенің жеңімпазы атанды. Менің ойымша, бұл ішкі күшке сенбейтіндер, тек сыртқы күштерге сенетіндер бұл дүниеде бірде-бір үлкен іс жасай алмайды, жануар сияқты келіп, жануар сияқты кетеді.
Мен бұған сенген адамдарды, достары мен туыстары мазақ еткеніне сенімдімін, бәлкім аздап жынды деп ойлаған шығар. Олар мұны бос әурешілік, ақымақтық деп санап, ал өздері әдеттегі, күнделікті өмірдегі диірмен тастарына қайта оралып, өлгенше дейін соны айналдырып, ақыры шаршап, сәтсіздік сезімімен дос болып өмір сүрді. Бірақ олар, өздері бұны сезсе де, білсе де ешкімге білдірген жоқ, өйткені бұл ішкі әлемнің проблемасы. Олардың ойынша осы күнделікті күйбең, мақсатсыз әрекет, жоспарсыз қозқалыс өздерінің ішкі мазасыздығын, уайымын, қорқынышын, жалпы күйзелісін босатады және жеңілдетеді деп санады. Сіз осы адамдардың бірі болғыңыз келе ме немесе ішкі күшіңізді тыңдайсыз ба? Бұл қорқыту емес, ескерту!
Санаңыздың шығармашылық күшін қолдана бастаңыз. Форсайт (көрегендік қабілет) Күшін қолданыңыз, пайдаланыңыз, өйткені сіздің ойлауыңыз – бұл күшті (форсайт), жұмыс істетуге мәжбүр ететін жылдам ағын. Өзіңіздің ақыл-ой күштеріңізді әмбебап, бәрін сіз үшін жасап беретін бейсанамен байланыстырыңыз және сіз супер тұлғаға айналасыз. Тырысыңыз. Сіз өзіңіздің өміріңіздегі кез-келген проблеманы шешудің кілтін тапқаныңызды білетін боласыз. Қарапайым сөзбен айтқанда, бұл дегеніміз: егер сіз жасай аламын деп ойлауға жеткілікті көңіл бөлсеңіз, сіз ойлағанның бәрін жасай аласыз! Тағы да қайталауға рұқсат етіңіз: егер сіз жасай аламын деп ойлауға жеткілікті көңіл бөлсеңіз, сіз ойлағанның бәрін жасай аласыз. Кез-келген жағдайда сәттілік, жеңіс алдымен сіздің ойыңыздан басталады. Мақсат, шын өмірде орындалмай жатып, қиялында нақты, анық көре білу қабілеті барлық адамда бар, бірақ тек олардың оннан бірі ғана оны қолданады, пайдаланады, ал сіз сол қабілетті дамыта алсаңыз сіздің кез-келген мақсаттарыңыз орындалады және сіз оған оңай әрі жеңіл жете аласыз.